05-10-2019
Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Назарбаев университетінің ашық есік күні өтті.
Барлығымыз мектеп қабырғасында болашақта білім алатын жоғарғы оқу орнымызды таңдай бастаймыз. Дұрыс таңдау жасауымыз - болашақ мамандығымызға апарар жол екені мәлім. Осы орайда Назарбаев университетінің ерекшелігі неде?
Республика көлеміндегі ең үздік, білім алудың халықаралық үлгісін құраған Назарбаев университетіне қалай түсуге болады, не оқытылады сол туралы толығырақ арнайы мамандар үш тілде түсіндірме жұмысын жүргізді. Шетелдің мықты мамандары жиналған білім ордасындағы білім беру жүйесінің заманауи, әрі мықты деңгейде екеніне қатысушылардың көзі жетті. Жиналғандар арасында «Kahoot» онлайн ойыны ойнатылып, 3 жеңімпаз ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды. Ашық есік күні болашақ талапкерлер үшін пайдалы болды. Олар университет туралы толық мәлімет алып, болашаққа жоспар құрды.